Жетістікке жету кілті – еңбекте!

27.01.2021

Біздің колледж 95 жылдан астам тарихы мен жетістіктерімен танымал. Міне, 2020 жылдың аяқталуы қарсаңында тағы бір «беріктік емтиханынан» өттік. 2020 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ (АРТА) Zoom платформасында «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК білім беру сапасын тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесін өткізді. Аккредиттеу рәсіміне білім беру үрдісінің барлық мүдделі тараптары: әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер, білім алушылар мен ата-аналар, колледж түлектері мен ұжымы қатысты. Барлық стейкхолдерлермен агенттіктен тәуелсіз сарапшылар тобы тәуелсіз сұхбат жүргізді. Оқу процесінің барлық субъектілерімен ең бастысы – 2025 жылға дейінгі колледж миссиясы атап өтілді: агроөнеркәсіптік кешен мен өңірдің және жалпы елдің басқа салалары үшін жұмысшы кәсіптері мен орта буын жоғары білікті мамандарын даярлау. «Азия Таранғұл» ЖШС П.Ф.Гольцер, «Зенченко және К» КС Г.Г.Зенченко, «Заградовское» ЖШС И.Ф.Фисенко, «Агрохимснаб» ЖШС В.В.Олексюк, СҚО Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы – В.В.Литвиненко, «Есіл орман шаруашылығы» КММ В.Л.Соколовский, «Есіл ауданының ветеринарлық станциясы» МКК ШЖҚ Л.В.Малютина, «Леонтьев ет комбинаты» ЖШС Г. Ф.Пустовалова, «Қазпошта» АҚ М.М.Терехин әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілер ретінде колледж қызметіне жоғары баға берді. Барлық аккредиттелетін мамандықтар бойынша әр түрлі жастағы түлектерге сұрақтар қойылды, атап айтқанда, ҚР АШМ инвестициялар департаменті директорының орынбасары М.В.Трошихинге (1971 ж.), «Зооветснаб» ЖШС басшысы В.А.Притчинге(1981 ж.), Шал ақын ауданының ветеринарлық станциясының басшысы Ж. К. Әміржановқа (1988ж.), Петропавл қаласы ветеринарлық клиникасының ветеринарлық дәрігері Е.В. Притчинге (2003 ж.), «Тайынша – Астық» ЖШС сүт - тауар кешенінің меңгерушісі С.Б. Кульчицкийге (2011 ж.), Қызылорда қаласының ветеринарлық станциясының маманы - (Серпін бағдарламасының түлегі, 2018 ж.) Д.С.Жұмаділлаеваға, «Зенченко және К» КС бас агрономы А.А.Шкловскийге (2006 ж.), «Агрохимснаб» ЖШС бас инженері И.А.Степанюкке (2007 ж.), «Есіл орман шаруашылығы» КММ бас маманы О.В.Девятайкинге (2009 ж.), «Азия –Таранғұл" ЖШС МТМ меңгерушісі С.Н.Русскихке (2010 ж.) және т. б. Көптеген түлектер бәсекеге қабілеттілік пен колледж оқытқан мамандардың маңыздылығын атап өтеді. Комиссияның сыртқы сарапшыларымен сұхбатқа барлық бөлімшелердің 45-тен астам студенті, білім алушылардың 29 ата-анасы және оқытушылар ұжымы мен колледждің жауапты бөлімшелері белсенді қатысты. Аккредиттеу – бұл білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің болуын растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі. Тәуелсіз аккредиттеуді Ұлттық тізілімге кіретін аккредиттеу органдары жүргізеді. Негізгі мақсаты кәсіптік оқыту мен білім беру жүйесі халықаралық стандарттар мен үміттерге жауап беретіндей әлемдік дамуға сәйкес жүйені жан-жақты жаңғырту болып табылатын кәсіптік білім беру мен оқыту саласындағы нақты деректер негізінде саясатты талдауды қамтитын интерактивті процесс болып табылатын Туринск процесіне сәйкес келетінін атап өту қажет. Қазақстан 2010 жылы осы процеске қатысушы болды. Білім Министрлігінен тәуелсіз коммерциялық емес құрылымдардың аккредиттеу рәсімін жүргізуі Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындаудың басты шарттарының бірі болып табылады. Колледждерді аккредиттеу өте маңызды, өйткені ол әлеуетті студенттер мен жұмыс берушілер үшін сапа көрсеткіші болып табылады. Бірнеше аккредитацияның болуы, өз кезегінде, оқу орнының стандарттарын айқын көрсетеді. Сонымен, біздің оқу орнымыз 5 жыл мерзімге инстуционалдық аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу органының білім беру ұйымының сапасын мәлімделген мәртебеге және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігін бағалау процесі және мамандандырылған аккредиттеу келесі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының қызметін бағалаужүргізілді: 1513000 «Ветеринария», 1502000 «Агрономия», 1503000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 1508000 «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы», 1114000 «Дәнекерлеу ісі», 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», 0201000 «Құқықтану», 0518000 «Есеп және аудит», 1225000 «Ет және ет өнімдерін өндіру», 1224000 «Сүт өнімдерін өндіру», 1504000 «Фермер шаруашылығы».

«Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК 2019 жылдан бастап ауыл шаруашылығы бағытындағы 1513000 «Ветеринария», 1502000 «Агрономия», 1503000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», 1225000 «Ет және ет өнімдерін өндіру» және 1224000 «Сүт өнімдерін өндіру» мамандықтары бойынша «Жас Маман» жобасының қатысушысы болып табылады. Бұл жоба 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді. «Жас маман» жобасының мақсаты 100 сұранысқа ие мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың Халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. «Жас маман» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша оқу ұйымдары Республикалық және Халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталатын болады, мәлімделген кәсіп бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтарына айналады, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізеді. Бұл бағдарламаға қатысудың маңызды шарттарының бірі ТжКБ ұйымының білім беру сапасын тәуелсіз бағалау болып табылады және аккредиттеу рәсімі аяқталғаннан кейін біздің оқу орнымызға оқу жабдықтарын сатып алуға 289554,200 мың теңге бөлінді, атап айтқанда:

1. AW003 түсті TFT дисплейі бар сымсыз WiFi метеостанциясы;

2. «Инфраскан-1050» астық талдауышы;

3. ПЧП-7 құлау санын анықтауға арналған аспап CAS mwp 3000 сериялы зертханалық электрондық таразылар;

4. 9 метрлік «DON MAR» тіркемелі орақ;

5. СКП-2,1 сепкіші (СКП-2,1 үш сепкішінен тұратын кешен, үлкейтілген бункер, кең доңғалақты);

6. «Дәнді дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылығы машиналары» жарық динамикалық стенд-планшеті;

7. КУН-ПКУ-08 КОВШ 0,8 текше;

8. Дискілі сепкіш (5,4 а метр);

9. СМД-8 дизельді қозғалтқыштарының ТНВД сынауға және реттеуге арналған стендтер;

10. Өздігінен жүретін ОВС 25 үйінді тазартқыш;

11. КСМ-4 картоп отырғызғыш 4 қатарлы тіркемелі (жартылай аспалы);

12. КНТ-2вм-02 аспалы екі қатарлы картоп қазғыш;

13. 5 корпустық соқа;

14. Ірі қара малды союға арналған модульдік И-5;

15. Ауысымына 200 кг дейін модульдік шұжық цехы;

16. 15 л шағын ірімшік қайнатқыш;

17. Компьютерден басқарылатын кілегей алуға арналған оқу сепараторы;

18. ИПКС-025-02(Н) Пресс-арбашығы, престелетін өнімнің салмағы 100кг;

19. Дербес компьютер – 20 дана;

20. Promethean ActivPanel Touch 65 интерактивті дисплейі;

21. John Deere W430 астық жинайтын комбайн 222r, 6,8 м тікелей комбайндайтын дестелегішпен және 212p, 3,6 м іріктегішпен жиынтықта;

22. Трактор John Deere 6155м.

Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстанда құрылған тәуелсіз аккредиттеу жүйесі сыртқы бағалау рәсімі ретінде білім беру сапасына оң әсерін тигізеді: әзірше аккредиттеу ғана білім беру ұйымының сапасын және беделін қамтамасыз етудің, қоғамның түлектерді даярлау сапасына деген сенімін қамтамасыз етудің тиімді құралы болып табылады және Туринск процесінің негізгі параметрлерін іске асыруға оң әсерін тигізеді.



Текст
Виртуальная приемная